USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан-Қытай шекарасында 5 мың вагон қаңырап тұр

  • 28.июля.2021, 11:29,
  • 173

Қазақстаннан Қытайға жүк тиеген 5 мыңнан аса вагон шекарадан өте алмай тұр. Өйткені қарсы тарап карантин талаптарын күшейтіп, жүкті өткізу мүмкіндігін барынша қиындатып тастаған

Вагондарға негізінен бидай мен кен тиелген. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясы хабарлайды.


Қанат ӘЛМАҒАНБЕТОВ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


- Соңғы ақпарат бойынша, Достық станциясы бағытында 72 пойыз, Алтынкөл станциясы бағытында 25 пойыз қозғалыссыз тұр. Ол вагондарға мамыр-маусым айларында бидай, кен, кокс тиелген еді. Әр пойыз орташа есеппен 50 вагоннан тұрады десек, "Достық" бағытында 3500-4000, "Алтынкөл" бағытында 1500 вагон бар.


Жауаптылардың айтуынша, Қытай тарапы аз мөлшерде қазақстандық тауарды кіргізуге рұқсат беруді бастапты. Қазір былтыр қарашада тиелген вагондар өткізілген. Қытай жабық вагонға тиелген тауарларды кіргізуге тиым салған. Айтуларынша жабық вагонмен вирус тасымалдануы мүмкін. Экспортпен айналысушылар миллиондап шығынға батуда. Бұған үкімет ешқандай қарсы жауап қайтара алмаймыз дейді.


Қанат ӘЛМАҒАНБЕТОВ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


- Елдің премьер-министрінен бастап вице-премьер, министр, барлық деңгейде бірнеше рет хат жолдап, тиелген жүкті қабылдауын сұрадық. Әзірге жүкті Қазақстан шекарасында Қытайдың вагондарына тиеп алып кетуге рұқсат берді. Егер тауарымызды қабылдамағаны үшін олардың вагондарын өткізбей қойсақ, олар басқа жол табады. Мәселен Ресей біз арқылы өт деп жеңілдік ұсынып отыр. Қытай тауары Еуропаға Ресей арқылы кетсе біз транзиттен түсетін табыстан айырыламыз.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031