USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңа жылдың алдында азық-түлік бағасы тағы қымбаттамақшы

  • 03.қараша.2021, 12:58,
  • 187

Жаңа жылға қарай Қазақстанда азық-түлік бағасы өсе ме? Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық саудагерлер Қытайдан тауар кіргізе алмай, тауардың бәрі жаппай қымбаттайды деседі. Ұлттық экономика министрлігі қандай да бір шаралар қабылдай ма? - деп сұрады журналистер Мәжіліс отырысында министрден.


"Қытай мен шекара мәселесінің біздің министрлікке қатысы жоқ. Кеден мен сауда Қаржы министрлігіне қатысты мәселе. Бағаның өсуі бойынша маусымдық ауытқу болады, желтоқсан айында елдің бәрі жаңа жылдық мерекелерге дайындалады. Сондықтан белгілі бір азық-түлік өнімдерінің бағасы өседі", - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.


Сондай-ақ, одан дүкенде нан мен картоп қанша тұрады деген сұрақ қойылды.


"Нан түріне қарай орта есеппен 130 теңге тұрады. Картоп шамамен 425 теңге тұрады", - деп жауап берді Ерғалиев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2021
14.09.2021
02.07.2021
13.12.2020
23.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031