USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Электр энергия тарифі қатты қыбаттап жатыр

  • 01.қараша.2021, 10:33,
  • 185

Қазақстан бойынша электр энергиясының тарифтері 6,2%-ға көтерілді.

Сонымен қатар, елде электр энергиясын тұтыну күрт өсті: бірден 7%-дан жоғарылады.


2021 жылдың үш тоқсанында электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт•сағ құрады, бұл былтырғыға қарағанда 7,7%-ға артық.


"Барлығы үш өңірде энергия өндіру артқан (Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары). Қалған аймақтар энергияға тапшы, олардың көпшілігінде тұтыну өндірістен бірнеше есе көп", –делінген Ranking.kz зерттеуінде.


Тұтынудың ұлғаюы еліміздің барлық өңірлері бойынша тіркелген, ең көбі – Қызылорда (жылына 16,5%-ға), Батыс Қазақстан (14,3%-ға), Ақмола (14,2%-ға), Түркістан (12,7%-ға) және Алматы (11,4%-ға) облыстары.


Тұтынудың ең жоғары жылдық өсімі Батыс қазақстан (28%-ға), Түркістан (15%-ға) және Ақмола (13%-ға) облыстарында байқалды.


Электр энергиясына тарифтері тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ел бойынша орташа есеппен 6,2%-ға көтерілді.


Анықтама үшін: бұрын, 2020 жылдың осы кезеңінде сектордағы тарифтердің жылдық өсуі 3,2%-ды құрады, ал 2019 жылы халық үшін баға 6,8 %-ға төмендеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.10.2021
12.10.2021
18.08.2021
20.01.2021
30.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031