Оның айтуынша, биыл энергия өндіруші ұйымдарға байланысты емес себептермен шығындар ұлғайған. Сонымен қатар, станциялардың тозу деңгейі жылдан жылға артып келеді және қазіргі уақытта шамамен, 60%-ды құрайды. Бұл электрмен жабдықтаудың сапасына қауіп төндіріп тұр.
"Министрліктің құзыретіне ұйымдарға шығындар ұлғайған кезде түзетуге өтінім беру құқығымен жеті жылдық кезеңге энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді бекіту мәселелері кіреді. Халық үшін шекті тарифтерді түзетумен Ұлттық экономика министрлігі айналысады", - деп атап өтті Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры.
ЭӨҰ шекті тарифтері өзгерген кезде, статистикалық орта пәтерлер бойынша түпкілікті тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеуге орташа чек төртінші тоқсаннан ерте емес ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден артық емес ұлғаюы мүмкін.