USD 514.93
EUR 536.04
RUB 5.18
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Халық санағы-2021 соңғы деректері жарияланды

  • 29.қазан.2021, 16:06,
  • 168

29 қазандағы жағдай бойынша халық санағымен елімізде 19 112 653 адам қамтылды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте өткен халық санағы жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды.


"Тұрақты тұратын азаматтардан басқа, елде уақытша болмаған халық (дипломаттар, студенттер, туристер) және біздің елімізде жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар қайта жазылады", – делінген ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Ең жоғары қамту Алматы қаласында тіркелген. 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тұрды. Онлайн-санақ пен сауалнаманың аралық қорытындысы бойынша қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 2 188 603 адамды құрайды.


Санақ аясында халыққа сауалнама жүргізу жұмыстары жалғасуда.


Сондай-ақ, өңірлерде халық санағы бойынша Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы көш бастап тұр.


"Санақ жүргізудің динамикасы жоғары екенін көруге болады. Бірақ жұмыс аяқталған жоқ, 100% қамту бойынша тапсырманы орындауға барлық мүмкіндіктер бар", – деп атап өтті Смайылов.


2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтуде. 8 қарашада нақты санымыз анықталатын болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.10.2021
11.08.2021
10.08.2021
02.08.2021
13.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031