USD 523.17
EUR 550.06
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан экономикасында сенімді өсіп байқалып тұр - А.Мамин

  • 11.августа.2021, 14:44,
  • 197

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

"Экономиканың дамуы, ақша-несие саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдай туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өнеркәсіп пен энергетика секторын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев және энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев баяндады", делінген Үкімет басшысы сайтында.


Үкімет басшысы Қазақстан экономикасында төрт ай қатарынан сенімді өсім байқалатынын атап өтті.


Жеті айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 2,7% құрады. Экономиканың нақты секторы өсімнің негізгі драйвері болып қала береді. Серпін өнеркәсіптегі (+2,5%), құрылыстағы (+11,1%) өндірістің өсуімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқынымен (+2,4%) қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптегі өсім 2,5%-ға өңдеу секторындағы өндірістің 5,9%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Өндіріс қарқынының артуына фармацевтика өндірісінің (+38,9%), машина жасаудың (+22,7%), оның ішінде автомобиль жасаудың (+34,7%) және локомотивтер мен вагондар өндірісінің (+37,7%), мұнай өңдеудің (+8%), жеңіл өнеркәсіптің (+5,4%), азық-түлік өнімдері өндірісінің (+3,9%) және химия өнеркәсібінің (+1,9%) өсуі ықпал етті. Құрылыс секторында 11,1%-ға және тұрғын үйді пайдалануға беруде 10,3%-ға немесе 7,7 млн м² жоғары өсу қарқыны байқалады.


Сақталып отырған шектеу шараларына қарамастан, саудадағы (+9,1%) және байланыстағы (+12,5%) жоғары динамика есебінен көрсетілетін қызметтер секторында өсу қарқыны (+2%) артуда. Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқыны (+3,4%) есебінен 2,4% деңгейінде тұрақты өсу қарқыны байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі (НКСИ) тау-кен өндірісін есептемегенде 18,3%-ды құрады. НКСИ жоғары көрсеткіштері құрылыста (+129,6%), өңдеу өнеркәсібінде (+82,9%), ақпарат және байланыс саласында (+48%), ауыл шаруашылығында (+45,5%), саудада (+40%) байқалады.


Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткіштерге ие.


Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру шараларын күшейтуді және ерекше бақылауға алуды, Ұлттық экономика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға биылғы тамыз айының соңына дейін инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру жөніндегі шаралардың жаңа топтамасын қабылдап, іске асыра бастауды тапсырды.


"Барлық өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет", — деді Мамин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.04.2021
28.07.2020
28.07.2020
16.10.2019
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031