USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңа салықтар енгізілетін болады

  • 26.қазан.2021, 16:28,
  • 271

2022 жылдан бастап цифрлық майнинг салығы енгізіледі. Қазақстанның салық заңнамасында тағы не пайда болады?

"Келесі жылдан бастап салық заңнамасына енгізілетін негізгі өзгерістердің бірі – бұл шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік беретін Google салығы деп аталатын цифрлық салық. Ол 2022 жылдың қаңтарынан бастап енгізіледі және тауарлар мен қызметтерді электрондық сервистер, интернет-сайттар арқылы өткізу кезінде шетелдік компаниялар төлейтін болады", – деді Сүлейменов.


Оның айтуынша, бұл жаңа салық емес, ол қосылған құн салығы аясында енгізіледі, 12% ставкамен төленеді.


"Сондай-ақ, экспорттаушыларды валюталық түсімді ішкі нарықта жұмсауға ынталандыру мақсатында 80% мөлшерінде қайтарудың жеңілдетілген тәртібі сияқты жеңілдікті енгізу көзделіп отыр. Ол экспорттан түскен валюталық түсімнің 50%-дан кем емес үлесін елде қалдыратын экспорттаушыларға ұсынылады. Сондай-ақ, ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатудың оңайлатылған тәртібі енгізіледі. Бұл ҚҚС бойынша есепте тұрған салық төлеушілердің санатына қатысты, егер олар ешқандай операциялар, өзара есеп айырысулар жүргізбесе, қызметпен айналыспаса, камералық бақылау арқылы жүзеге асырылады", – деп нақтылады ол.


Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтардан бастап салық берешегінің шекті шегі 6 АЕК мөлшерінде болады, одан төмен шоттарға тыйым салу қолданылмайды.


"Сондай-ақ, келесі жылдан бастап цифрлық майнинг салығы енгізіледі. Оны цифрлық майнингпен айналысатындар төлейді. Ставкасы 1 киловаттқа 1 теңгені құрайды", – деп қорытындылады МКК департаментінің директоры.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.08.2021
14.05.2021
29.11.2020
14.09.2020
06.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930