USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Энергетика министрлігінің сөзінше, "жағдай қайталанбауы тиіс"

  • 18.қазан.2021, 09:44,
  • 221

​Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ведомство басшысына ішкі нарықтағы ағымдағы жағдай туралы баяндалды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ деректері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттары барынша​ жүктелген. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде.


"Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын нормадан тыс жоғары тұтынуы тіркелді.​ Бұның​ себебі, дизель отынының бағасы төмен болғандықтан, оның транзиттік жүк көліктері​мен ағыны орын алды.​ Бүгінгі таңда осы жағдай қолмен басқару режиміне көшті.​ Энергетика министрлігі нарықты тез арада тұрақтандыру және сапалы отынмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Күн сайын Шымкент зауытында шамамен 5,5 мың тонна дизель отыны, Атырау зауытында 4,4 мың тоннаға жуық дизель отыны өндіріледі", – деп хабарлады ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесов.


​14 күн ішінде екі зауыт 133 мың тонна дизель отынын өндірді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 4 мың тоннаға артық.​ Ағымдағы жылдың 9 айында үш МӨЗ-де барлығы 3,7 млн. тонна дизель отыны өндірілді.


​Сонымен қатар Д. Тиесов​ қыркүйек айында егін жинау науқанына өтінімдер толығымен жабылғанын, оларға дизель отыны жеңілдікпен​ сатылғандығын​ атап өтті.


​Сондай-ақ кездесу барысында басқарма басшысына мұнай өнімдері нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеуді келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.


​Ағымдағы жылдың 9 айында АМӨЗ 4 006 000 тонна мұнай өңдеп, 1 168 276 тонна дизель отыны, 935 738 тонна автомобиль бензинін өндіріп шығарды.


​Өз кезегінде Энергетика министрі мұнай өңдеуші компаниялардың басшыларынан кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді талап етті.


​"МӨЗ" басшылығы мен ұжымының бірінші кезектегі міндеті зауыттың сенімді және тұрақты жұмыс істеуі болып табылатынын ерекше атап өткім келеді. Зауыттың істен шығуына әртүрлі себептерді айтуға болады. Алайда елімізде мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс, - деді Мағзұм Мырзағалиев.


​Басқарма басшысы автожанармай құю станцисында сатылатын дизель отынының сапасына да тоқталды.


"ҚазМұнайГаздан"​ барлық жеткізу тізбегі бойынша: МӨЗ-ден АЖҚС-қа дейін жанар -жағармай материалдарының сапасын бақылау жүйесі бойынша ұсыныстар енгізуді сұраймын, - деп қорытындылады министр.


​Кеңес қорытындысы бойынша Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компанияға барлық МӨЗ-дің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ Атырау МӨЗ-іне​ электр энергиясын үздксіз жеткізу бойынша шараларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.10.2021
12.10.2021
28.09.2021
21.06.2021
24.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930