USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Іскерлік белсенділік индексі төмендеді

  • 12.қазан.2021, 15:49,
  • 93

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов 2021 жылғы қыркүйектегі іскерлік белсенділік индексі туралы айтты. 

"Алынған бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі қыркүйекте төмендеп, теріс аймаққа өтті, 49,8-ді (тамызда – 50,2) құрады. Бұған құрылыс секторларындағы көрсеткіштердің 49,3-ке (тамызда – 51,9) және көрсетілетін қызметтер көрсеткіштерінің 49,1-ге (тамызда-50,7) дейін қысқаруы әсер етті. Құрылыс секторындағы көрсеткіштің нашарлауы іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, ал көрсетілетін қызметтер секторында – жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің ұлғаюына байланысты", - деді Жандос Шаймарданов.


Дегенмен, оның айтуынша, өнеркәсіптегі көрсеткіш жаңа тапсырыстардың, жұмыспен қамтылу деңгейінің және жаңа өнімнің ұлғаюы салдарынан 50,9-ға (тамызда – 49,1) дейін өсті.


Мәселен қыркүйекте 10 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсаруы, 7 өңірде нашарлауы байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Түркістан (54,9) және Шығыс Қазақстан облыстарында (53,8), төмен деңгейі Қызылорда облысында (40,2) байқалды.


2021 жылдың қыркүйегінде респонденттер елдегі бизнес жағдайының нашарлағанын атап өтті. Ағымдағы бизнес-шарттарды бағалау бойынша жауаптар теңгерімі теріс болып, (- )1,0-ді (тамызда +1,7) құрады. Барлық секторлардың кәсіпорындары өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Сондай-ақ, салық жүктемесі және бизнесті қорғау мәселелері бір ай бұрынғыдағыдай теріс баға алды.


Кәсіпорындардың бизнес-жағдайларға қатысты оптимизмі келесі 6 айға төмендеді: болашақ жағдайларды бағалау 13,5-ті құрады (тамызда – 17,6). Нәтижесінде экономика бойынша бизнес-климат индексі 6,1-ге дейін төмендеді (тамызда – 9,5).


Ұлттық Банктің деректері бойынша сауалнамаға 462 кәсіпорын қатысты: құрылыс бойынша – 67, өнеркәсіп бойынша – 175, қызмет көрсету бойынша – 220.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2021
26.07.2021
27.05.2021
12.05.2021
24.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930