USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бензин неге қымбаттады? Ұлттық банк төрағасының жауабы

  • 12.мамыр.2021, 12:15,
  • 312

Елімізде ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты бензин қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. 

"Биыл ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифі өсуіне байланысты бензин 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалады", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы көрсеткішке тең - жеті пайыз. Нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасына байланысты азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін азайған.

"Іскерлік белсенділік, халық кірісінің қалпына келуі және импорт көлемі артқанына байланысты азық-түлік емес инфляция 5,6 пайыздан 6,4 пайызға дейін көтерілді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ай сайынғы қымбаттауы 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетеді. Киім мен аяқ киім бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5 пайызға дейін жеделдеді", - деді Досаев.


#бензин #жанармай #Досаев #ҰлттықБанк

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.02.2021
13.12.2020
17.09.2020
20.07.2020
24.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930