USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанның экономикалық көрсеткіші

  • 04.қазан.2021, 16:29,
  • 157

ҚР Ұлттық банкі 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есептік төлем балансын қалыптастырды. Ағымдағы шоттың тапшылығы 2021 жылғы тамызда жарияланған алдын ала бағалаумен салыстырғанда 757 млн АҚШ долларына ұлғайып, 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.

"Алдын ала бағалау мен қорытынды деректер арасындағы айырмашылық, ең алдымен, 2021 жылдың екінші тоқсанындағы төлем балансы бойынша кәсіпорындардың түпкілікті есептерін алуға байланысты. Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі алдын ала бағалаумен салыстырғанда 893 млн АҚШ долларына өскен кірістер балансында ең үлкен өзгеріс болды. Алдын ала бағалауды жариялау кезінде қалыптасқан көрсеткіштер 2021 жылдың екінші тоқсанында шетелдік инвесторлар кірісінің өсуін бағаламады", - деп хабарлайды Ұлттық банктегілер.


Шетелдік инвесторлар кірісінің өсуі негізгі құрауыштар – дивидендтер бойынша және қайта инвестицияланған пайда бойынша байқалады. Мұндай кірістердің басым бөлігі мұнай-газ, өзге де тау-кен өндіру, қаржы секторларына тиесілі.


Сауда балансы бойынша алдын ала бағалауға қатысты өзгерістер шамалы және уәкілетті органдардың сауда мен респонденттердің есебін жаңартуға байланысты. Тауарлар экспорты (-)8,7 млн АҚШ долларын құрады, ал импорт 49,4 млн АҚШ долларына ұлғайды, делінген ресми хабарламада.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2021
09.06.2021
17.10.2020
26.08.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930