USD 498.51
EUR 522.84
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банктің халықаралық қоры 4% төмендеді

  • 30.июля.2021, 12:38,
  • 249

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері биылғы маусым айында 3,9%-ға (жылдың басынан бастап 1,6%-ға) төмендеп, 35,1 млрд АҚШ долларын құрады.

"Резервтердің төмендеуі, көбіне, АҚШ долларының нығаюына байланысты алтын бағасының түсуінен болды. Алтын портфелінің бір бөлігін бағаның күрт төмендеуінен хеджирлеу үшін Ұлттық Банк бұрын жасаған опциондарды орындау аясында алтынды қолайлы баға – 1,5 млрд АҚШ долларына сатты. Опциондық стратегиялар аясында аллокирленбеген алтынды сату есебінен еркін конвертацияланатын валютадағы активтер өсті", - делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында.


Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,5 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылы маусымның соңында 92,5 млрд АҚШ долларын құрады.


Ақша базасы 2021 жылғы маусымда 0,5%-ға тарылып (жылдың басынан бастап 5,0%-ға кеңейді), 10 270,1 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы
6 297,0 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға (жылдың басынан бастап 23,8%-ға) кеңейді.


2021 жылғы маусымда ақша массасы 2,6%-ға ұлғайып, 28 161,7 млрд теңге болды (жылдың басынан бастап 13,0%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 3 027,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға (жылдың басынан бастап 7,0%-ға) ұлғайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.07.2021
09.06.2021
27.11.2019
23.08.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930