USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Инфляциялық деңгей 6,5%-ға дейін төмендеді

  • 17.қазан.2020, 14:32,
  • 442

ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский 2020 жылдың қыркүйек айындағы инфляциялық жағдайға түсінік берді.

Қыркүйек айында қазақстандықтардың инфляцияға қатысты қобалжуы күрт төмендеді. Бұған тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері дәлел, - дейді ҚР Ұлттық банкіндегілер.


"Инфляцияны алдын ала бағалау қыркүйек айында тамыздағы 6,9%-дан 6,5%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы және болашақ қаржылық жағдайды бағалау шілде-тамыз аралығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда шамалы теріс болып шықты. Азық-түлік бағасының өсуін атап өткен респонденттердің саны азайды", - деп атап өтті ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский.


Оның айтуынша, қыркүйек айында жалақы алушылардың үлесі қалпына келді, сондықтан респонденттердің ірі сомада сауда жасауға деген ниеті артты. 2020 жылғы қыркүйекте респонденттердің жинақ ақшасының үлесі төмендеді. Сонымен бірге жинақтардың көп бөлігі банктік депозит түрінде сақталуда.


- Болашақ дамуды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағалау оң нәтижеге ие болды, - деп сөзін түйіндеді ол.


#инфляция #экономика #депозит #ақша #қаржы
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.07.2020
08.10.2019
23.08.2019
11.08.2019
11.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30