USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биыл 128 жоба Индустрияландыру картасы аясында іске қосылды

  • 28.қыркүйек.2021, 12:05,
  • 159

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысы қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.


"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге және еңбек өнімділігін 30%-ға арттыру міндетін қойды. Бұл міндетті шешудегі негізгі элемент – Индустрияландыру картасының жобаларын уақытылы әрі сапалы іске асыру", — деді Мамин.


Биыл 1,2 трлн теңге сомасына Индустрияландыру картасының 128 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1 трлн теңгеге, экспорт көлемін $800 млн-ға арттыруға, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, металлургия, машина жасау, энергетика және жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларда шамамен 12 мың жұмыс орнын құруға жол ашады.


Индустрияландыру картасының биылғы ең маңызды жобалары — Жәйрем ТКБК жаңғырту және байыту фабрикасын салу (пайдалануға берілді, 145 млрд теңге, 381 жұмыс орны), Ақтоғай ТКБК қайта өңдеу қуатын кеңейту (396 млрд теңге, 700 жұмыс орны), Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы (35 млрд теңге, 400 жұмыс орны), Петропавлда трансформаторлар өндірісінің ашылуы (пайдалануға берілді, 10 млрд теңге, 300 жұмыс орны), Шымкент қаласында алюминий банкалар өндірісі (23,4 млрд теңге, 145 жұмыс орны), Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасы мен автокомпоненттер өндірісі бойынша локализациялық орталық (іске қосылды, 12,6 млрд теңге, 450 жұмыс орны).


Жобаларды іске қосу бойынша оң динамика Қарағанды, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Мысалы, аталған өңірлерде автобустар мен арнайы техника, полиэтилен құбырлары, тігін, медицина, резеңке және пластик бұйымдары, алкогольсіз сусындар, бутил эфирі мен полипропилен метил-трет өндірісі, Шелек дәлізіндегі ЖЭС II кезегі, байыту фабрикасын салу және т. б. жобалар енгізілді.

Премьер-министр барлық өңірдің әкімдеріне әрбір жобаның іске асырылуын жеке бақылауда ұстауды және жыл соңына дейін олардың пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне экспорттық әлеует, жергіліктендірудің жоғары деңгейі, импортты алмастыру, шикізаттың қолжетімділігі сияқты жобаларды іріктеу критерийлеріне басымдық бере отырып, инвесторлармен жұмысты күшейту тапсырылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2021
20.04.2021
15.03.2021
04.02.2021
06.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930