USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әрбір екінші қазақстандықта несие бар

  • 21.қыркүйек.2021, 18:19,
  • 127

Кеше Алматыда болған оқыс оқиға елді елең еткізді. Бейбіт күнде бес бірдей азамат ажал құшты. Бес отбасы асыраушысынан айырылып, артында жоқтап балалары қалды. Қарыз алушы мен коллектордың арасындағы келіспеушілік осындай қайғылы оқиғаға әкелді.

Қазақстанда қандай да бір оқыс оқиға болғанда сол саланың проблемасына үңілу әдетке айналып кетті. Дәл бүгін билік пен қоғам назар аударуы тиіс мәселенің бірі – коллекторлардың жұмысы. Себебі қазір қазақстандықтардың жартысынан көбі қарызға өмір сүріп жатыр, дейді baseke каналы.


Бірінші несие бюросының мәліметінше, Қазақстандағы 9,23 млн адам экономикалық белсенді болып саналады. Оның ішінде 1,7 млн адам мүлде несие алмаған. Ал қалған 7,5 млн адамның банктер мен басқа да қаржы ұйымдарында қарызы бар. Тағы бір статистика 100 қазақстандыққа 58 кредиттік карта тиесілі екенін көрсетіп отыр. Яғни, еліміздегі әрбір екінші адам қарызға өмір сүреді: тауарды кредитке немесе бөліп төлеу арқылы салып алады. Пандемияға дейін жыл сайын елімізде орта есеппен 500 мың адам несие алып келген. 2020 жыл дағдарыс кезеңі деп саналғанғанына қарамастан, қарыз алушылардың қатарына 420 мың жаңа борышкер қосылды.


Карантиндік шектеулерге байланысты шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысына шектеу енгізілді. Бұл сол салада жұмыс істейтін халықтың табысына әсер етпей қоймады. Бұған қоса халық тұтынатын тауар мен азық-түлік бағасы желдің жылдамдығымен өсіп жатыр. Ауладағы кішігірім дүкендердің өзі каспи ред қосымшасымен төлем қабылдай бастаған. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Бөліп төлеу дегеніміз - ол да қарыздық борыштың бір түрі.


Түрлі себепке байланысты банк алдындағы қарызын уақытылы өтей алмаған адамның ісімен коллекторлық компаниялар мен жеке сот орындаушылары айналысады. Мойындау керек, бүгінде коллекторларда борышкерге ақшаны төлету үшін құзыретін асыра пайдалану фактілері жиі кездеседі. Борышкерлерді бопсалап, шектен тыс мазалап, тіпті түрлі әдіспен алдайтындары бар. Кеше Ақбұлақта болған оқиға соның бір дәлелі. Үкімет жақын арада бұл мәселеге назар аударып, саладағы жөнсіздікті анықтауы тиіс. Коллекторлар қарыздың қыспағынан басын көтере алмай жүрген халықты қорқытып-қанамай, керісінше қорғауы тиіс. Сондай-ақ билік қарызға өмір сүріп жатқан халықтың табысын арттыру шараларын күшейтуі тиіс. Әйтпесе сарапшылар экономикалық ахуал түзелмесе, алдағы төрт жылда елдегі еңбекке жарамды әр адамның мойнында банк алдындағы берешегі болады деген болжам айтып отыр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.04.2021
28.04.2021
31.10.2020
08.07.2020
08.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930