USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бюджетке артық төленген қаражат кері қайтарылды

  • 15.қыркүйек.2021, 15:27,
  • 127

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, салық органдары салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын салықтық берешекті өтеу есебіне салық төлеушінің өтінішінсіз есептеп, ал салықтық өтініш бойынша алдағы төлемдер есебінен кері шегеріп, қайтарады

Бұл салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтінішті ұсынуы талап етілмейді деген сөз.


Биылғы жылдың 8 айында салықтық берешекті өтеу есебі және алдағы төлемдер есебі бойынша:


- заңды тұлғалар бойынша 687,9 млрд теңге сомаға 187 мыңнан астам есепке жатқызу жүргізілген;


- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 9 528, 7 млрд теңге сомаға 482 мыңнан аса есепке жатқызу жүргізілген.


Сондай-ақ банк шотына қайтарылды:


- заңды тұлғалар бойынша 2 201,7 млрд теңге сомаға 51 мың қайтарым жүргізілген;


- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 8, 7 млрд теңге 116 мыңнан астам қайтарым жүргізілген.


Жеке шоттары мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілмейтін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру басқа уәкілетті органдармен жүргізіледі, әрекеттерді жасамауды растайтын және тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттар негізінде есепке жатқызу мен қайтару жүргізіледі, - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.


Сондай-ақ, МКК-де 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізудің мерзімдері 10 жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқартылғанын еске салды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.07.2021
31.07.2020
15.10.2019
13.08.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031