"Коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайларының көбеюі және вакциналау қарқыны әлемдік экономиканың да, Қазақстан экономикасының да қалпына келуінің маңызды факторлары болып қала береді. Вакциналау процесінің баяу жүруіне және дамушы елдерде аурушаңдықтың артуына байланысты ХВҚ 27 шілдеде 2021 жылға арналған ЖІӨ болжамын 0,4 пайыздық тармаққа - 6,3%-ға дейін төмендетіп, қайта қарады", - деді ол үкімет отырысында.
Дамыған елдерде, Досаевтың айтуынша, вакциналаудың жоғары қарқынмен жүргізілуі және ынталандырудың жалғасуына байланысты ХВҚ 2021 жылы 0,5 пайыздық тармаққа - 5,6% -ға дейін көбірек өсім болады деп күтеді. Халықаралық валюта қоры 2021 жылы ЖІӨ бойынша әлемдік болжамды 6% деңгейінде сақтады.
"Дамушы елдердің дмау перспективалары нашарлағандықтан, олардың экономикасы 2022 жылдың соңына қарай қалпына келеді деп күтіледі. Соған қарамастан, ХВҚ Қазақстандағы экономикалық өсім болжамын 3,2% деңгейінде сақтап қалды", - деді Ұлттық банк басшысы.