USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауыл тұрғындары малдарын союға мәжбүр

  • 06.августа.2021, 12:05,
  • 161

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі шаруалардың жем-шөп бағасының қымбаттығы салдарынан малын жаппай союға мәжбүр екендігі туралы мәліметке жауап берді.

Бірқатар телеарналар ауылдан түсірілген сюжетті көрсетті. Онда Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Покровка ауылында бір отбасы мысалға ала отырып, шөптің қымбаттығына байланысты аймақта малды жаппай пышаққа салып жатыр деген қорытынды жасалады.


Айта кету керек, Покровка ауылында алты ауылшаруашылық құрылымында шабындық бар. Оның ішінде үш шаруа қожалығы ("Агро-Сега" ЖШС, "Тұрмыс" ЖШС, "Камен Мадина" ЖШС) меншікті малына, Покровка ауылы жұмысшылары мен акционер-тұрғындарына шөп дайындайды. Сондықтан бүгінде ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз ету жеткілікті деңгейде.


Сонымен қатар, қалған үш шаруа қожалығы ("Достық" шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер "Завялов В.В." және жеке кәсіпкер "Иванов Н.Н.") ауыл тұрғындарына шөп сатады. 300 келі салмақтағы орам үшін нарықтағы баға 5 мың теңге. Олардың ақпараты бойынша, аталған шаруа қожалықтарына сюжетте мысалға келтірілген азамат Фабер С. шөп алу үшін жүгінбеген.


Аудан әкімдігі шөптің құнын асыра көрсетудің кейбір фактілерін тексерді. Аудит нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жемге алыпсатарлық баға белгілеуге жол бермеу туралы келісімге қол жеткізілді.


Жалпы, облыста мал басының өсімі байқалады.


1 шілдедегі жағдай бойынша ірі-қара 495,2 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,5% өсті. Ұсақ мал - 623,1 мың бас, өсім - 103,3%. Жылқы - 180,8 мың бас, өсім - 102%. Шошқа - 249,6 мың бас, өсім - 106,2%.


Айта кетсек, Наталья Фабер қолда қалған 13 ірі-қараның аузына салатын шөп жоқтығына шағымданып, оларды енді союдан басқа амалы қалмағанын айтқан. Өйткені, оның айтуынша, былтыр 3 мың теңге тұратын бір түк шөптың биылғы құны 12 мың теңге болып кеткен.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.06.2021
19.09.2020
12.07.2020
09.11.2019
25.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031