USD 476.89
EUR 505.27
RUB 4.95
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қысқа мерзімді депозиттердің сыйақы мөлшері өсті

  • 30.июля.2021, 14:18,
  • 175

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті. 

Банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің орташа деңгейінің төмендеуіне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер алдыңғы деңгейде сақталып қалды.


Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемелер 0,3 п.т. көтерілді, бұл депозиттердің осы түрлерінің тартымдылығының артуы тенденциясын ескере отырып, банктердің нарықтық мөлшерлемелері бойынша ықтимал жауабына сәйкес келеді.


Сонымен қатар, қысқа мерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелердің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады және ашылған депозиттерді қайта рәсімдеу мүмкіндігінің болуына байланысты несиелендіруге кері әсерін тегістеуге ықпал етеді, делінген ҚДКБҚ хабарламасында.


Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.03.2021
05.11.2020
03.11.2020
10.09.2019
05.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930