USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде микроқаржы ұйымы мен ломбардтарға шара қолданылды

  • 26.мамыр.2021, 12:52,
  • 173

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы 12 айда (2020 жылғы сәуір – 2021 жылғы сәуір аралығында) екінші деңгейдегі банктерге қатысты 9 айыппұл, бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне 2 айыппұл, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға 240 жазбаша ұйғарым және 233 айыппұл қолданды. 

2021 жылғы сәуірде "Ломбард Сатуар" ЖШС-ға қатысты ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарды тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ұйғарым жасалды.

"ҚазАқша", "Квику" және "ОнлайнКазФинанс" микроқаржы ұйымдарына барлығы 583 400 теңге айыппұл салынды. Дәйексіз көрсетілгені, сондай-ақ сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асып кеткені үшін санкциялар қолданылды.

Агенттік ағымдағы жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтарды анықтаған жоқ.



#ломбард #микроқаржы #шара #бұзушылық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.01.2021
02.11.2020
26.10.2020
23.08.2019
19.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031