USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Президент бюджет шығынын ұлғайтатын заңға қол қойды

  • 25.мамыр.2021, 15:02,
  • 254

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. 

"Мемлекет басшысы "2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда сайтында жарияланған хабарламада.

Бұған дейін Сенат депутаттары "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға түзетулер қабылдаған болатын. Республикалық бюджеттің шығындарына өзгерістер Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын қаржыландыру, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау, коронавируспен күрес және бұрын қабылданған міндеттемелерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажет болды.
 
Өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері: түсімдер - 12,5 триллион теңге; шығыстар - 15,3 триллион теңге; тапшылық - 2,7 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,5 пайызы.



#Президент #Тоқаев #бюджет #заң #қаражат 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
20.04.2021
05.12.2020
25.08.2020
25.08.2020
23.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031