USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Риддерде жаңа тұрғын үй салуға 557 миллион теңге бөлінді

  • 24.мамыр.2021, 11:13,
  • 262

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Риддер тұрғындарымен кездесіп, өрт салдарынан зардап шеккендерге  арналған тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Риддерде өрт салдарын жою үшін 557,5 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі", - деді Мамин.

Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа "Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында" жүргізіледі. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық.

"Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын "ОблШығысЖол", "VK Invest Company", "QK Sunqar", "Востоквзрывпром", "Kazprofstroy Holding" компаниялары жүргізеді. Үйлердің құрылысын биылғы 15 тамызға қарай аяқтау жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады", - делінген премьер-министр сайтында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын.



#Риддер #зардапшеккен #тұрғынүй #бюджет #ақша #Мамин #Премьер-министр 

скачать dle 12.0
Фото авторы : primeminister.kz
Тағы да оқыңыздар:
24.05.2021
25.02.2021
14.11.2020
26.03.2020
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031