USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда баспана бағасы қашан арзандайды?!

  • 25.ақпан.2021, 16:37,
  • 289

Қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру қажет, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

"Бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандықтар зейнетақы ақшасының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына байланысты баспана мәселесін шешті. Адамдар ипотекасын төлеп, несие көлемін қысқартты. Бұл - әділетті қоғам құрудың бір жолы. Көпшілікті қуантқан шешім ҰКСК-да қолдауға ие болған еді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оның айтуынша, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 11,2% -ға артқан, бірақ тұрғын үйлердің 40% -ы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілген.


"Баспаналардың көпшілігі өте қымбат. Қазір құрылыс компаниялары арзан тұрғын үй сала алмай отыр. Осыған байланысты, қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін құрылыс компанияларымен сатудың офтейк шартын жасау қажет. Сонда баспана "Нұрлы жер" бағдарламасының бағасымен сатып алынады. Бұрын мұндай құрал сынақ жоба ретінде енгізілсе, енді оны бүкіл ел бойынша кеңкөлемді масштабта қолдану қажет. Бұл қолжетімді бағамен қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік береді", - деді Қазақстан Президенті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.12.2020
30.11.2020
14.11.2020
02.09.2020
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031