Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҚР Ұлттық Банкімен, сондай-ақ банк секторының өкілдерімен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек төлеу түрінде 2021 жылғы желтоқсанда "әлеуметтік әмиян" пилотын енгізуді техникалық іске асыру жұмысын жүргізуде.