USD 496.85
EUR 585.54
RUB 6.49
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәскеу орталығында белгісіз біреулер атыс шығарды

  • 19.желтоқсан.2019, 18:30,
  • 563

Мәскеу орталығындағы автотұрақта белгісіз біреулер атыс шығарған. Бұл туралы "Говорит Москва" радиостанциясының Telegram-каналы хабарлады.

Радиостанция дереккөзінің мәліметінше, атыс Воровской алаңында шыққан. Baza басылымы ФҚҚ-ның екі қызметкері жарақат алғанын хабарлап жатыр. Бір адам қаза болған. Оның кім екені анықталып жатыр, мұның алдында ол жақын маңдағы ғимараттардың бірінде жасырынған. Осы маңнан өтетін көшенің бәрі қоршауға алынған, оқиға орнында полиция мен ФҚҚ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалада "Сирена" жоспары жарияланған.


Lenta.ru-ға хабар берген дереккөздің мәліметінше, үш адам Кузнецкий Мост көшесінде орналасқан ғимараттардың біріне шабуыл жасамақ болған. Олар Воровской алаңындағы ғимараттардың біріне жасырынған. Олар Калашников автоматымен атысты жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланғаны туралы ақпарат бар.



скачать dle 12.0
Фото авторы : Lenta.ru
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728