USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәскеуліктер Ә.Молдағұлованың есімін қайтаруды талап етті.

  • 09.мамыр.2021, 18:29,
  • 380

Мәскеуде Вешняки ауданы тұрғындары жергілікті әкімшілікке Әлия Молдағұлованың есімін мектептердің біріне беру немесе қайтару туралы өтініш берді.

Телеарна мәліметі бойынша, әлемдегі алғашқы мерген әйелдер мектебі 1943 жылы Вешняки қаласында ашылған. Осы оқу орнында Әлия Молдағұлова оқыған.

Әлия Молдағұлова майданда ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Кейін мектеп пен аудандағы екі көше атақты мерген қыздың есімімен аталған.

Телеарна тілшісінің ақпаратына сүйенсек, жақында Вешняки ауданындағы бірнеше оқу орны біріктіріліп, бұрын Молдағұлова есімі берілген мектеп атауы № 1512 мектеп бөлімшесі болып қалған.


Жергілікті тұрғындар, көпшілігі Молдағұлова мектебінің түлектері, қазақстандық мергеннің атын оқу орнына қайтаруды сұрайды. Олар жергілікті әкімшілікке жүгініп, өтініш берген.


"Былтыр Жеңістің 75 жылдығында екі рет - Жеңістің 75 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына байланысты өтініш бердік. Бұл есім қалпына келтіріліп, Мәскеуде тағы да Әлия Молдағұлова атындағы мектеп болады деген үміттеміз", - деді басылымның журналисі, "Қазақ диаспорасы" қорының басшысы Полад Джамалов.


Бұған дейін Вешняки тұрғындары үйлердің біріне Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш тақта орнатуға рұқсат алған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.02.2021
21.07.2020
13.09.2019
07.08.2019
08.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930