Резиденциядан бірнеше арнайы жасақ сарбазы ұсталған. Олардың кейбірі жарақат алған. Тағы біреулері талып қалған. Атамбаевтың жақтастары олардың қаруларын тартып алғаны айтылады.
Осы уақытта Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің ұсталғаны жайлы хабарды жоққа шығарды.
"Біріншіден, менің әкем ешқайдан қашқан жоқ, оны ешкім ұстаған жоқ, ол қауіпсіз жерде деген барып тұрған жалған сөз. Ол әлі Қой-Ташта", - деп жазды Шагиева Instagram желісінде.