USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Навальныйды түрмеден ауруханаға ауыстыратын болды

  • 19.сәуір.2021, 16:33,
  • 276

Сотты болған оппозиционер Алексей Навальный колониядан сотталушыларға арналған облыстық ауруханаға ауыстырылады. 

Қазіргі уақытта Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланады, оны күн сайын терепевт-дәрігер тексереді. Науқастың келісімімен оған витаминдік терапия тағайындалды, - деді Ресейдің Федералды қылмыстық-атқару қызметі.


Аурухана Владимир облысындағы ИК-3 аумағында орналасқан. Алексей Навальныйдың жақтастары оның жағдайы өте қиын деп санайды.

31 наурызда Навальный медициналық көмекке зәру болғандықтан аштық жариялады. Бұған дейін саясаткер белі мен аяғының қақсайтындығына шағымданған. Сондай-ақ, оны "қашуға бейім" мәртебесіне байланысты сағат сайын түнде оятып тексерген көрінеді. Осыдан кейін Навальный ауырып қалған: оның дене қызуы 38,1-ге дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болған. Оппозиционердің айтуынша, қазірдің өзінде оның камерасындағы үш сотталушыдан туберкулез анықталып, олар ауруханаға түскен.



#Навальный #түрме #аурухана #оппозиционер #ем-дом #Ресей 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.04.2021
25.03.2021
04.02.2021
26.01.2021
10.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031