USD 469.49
EUR 552.59
RUB 6.24
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алексей Навальныйдың денсаулығына не болды?

  • 25.наурыз.2021, 15:30,
  • 347

Владимир облысы бойынша РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы ИК-2-де қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп хабарлады. Оған тексеру нәтижелері дәлел, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.


24 наурызда Владимир облысындағы түзеу мекемесіндегі сотталғандар өтініші бойынша медициналық тексеріс жүргізілген.


"24 наурызда түзету мекемесінде медициналық тексеріс жүргізілді. Оның ішінде сотталушы Алексей Навальный да тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша оның денсаулық жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық деп бағаланды", - делінген РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.



#АлексейНавальный #денсаулық #ауру #тексеріс #сотталушы #жаза #оппозиционер 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930