USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Африкада аң аулаған қазақтардың видеосы әлеуметтік желіні шулатты

  • 17.сәуір.2021, 09:40,
  • 452

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарап жатыр. Видеода ер адамның жираф атып алғаны бейнеленген, шамамен Африкада секілді делінеді. 

Желідегілерді жираф атып алған адамның қатыгездігі ашуын туғызып жатыр. Оның үстіне ол адам қазақ секілді. Өйткені аң атқан адам жанындағы жігіт оны құттықтап, таза қазақша сөйлейді.


"Манарбек аға, құтты болсын, керемет! Таза адреналин ғой, мынау", - деп мақтау-мадақ сөздерді будақтатып жатыр ол. Ал олардың қасында гид сынды шетелдік жүр. Ол шет тілінде сөйлеп, аң атушының мылтығының астына тіреуіш қойып береді.


Айта кетсек, Интернеттегі бейресми мәліметтерге сүйенсек, Африкада сафариге шығып, аң аулаудың бір күндік бағасы 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады.




#жануар #Африка #қазақ #видео #әлеуметтікжелі 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.02.2021
01.01.2021
29.10.2020
11.09.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031