USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Африкада Эбола ауруына шалдыққан адам тіркелді

  • 08.ақпан.2021, 12:13,
  • 376

Конго Демократиялық Республикасының Солтүстік Киву провинциясында Эбола ауруының жаңа жағдайы тіркелді. 

Инфекция 1 ақпанда Солтүстік Киву провинциясындағы Бутембо округінің Бьена ауданында анықталды. Эбола белгілері бар фермердің әйелі ауруханаға барған. Талдама вирусты растады. Алайда әйел 3 ақпанда қайтыс болды.

Ақпарат бойынша, ауданға мамандар бригадасы жіберілген, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тиісті қызметтері де хабардар етілді. Бьен аймағында инфекцияның басқа жағдайлары туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін ауру ошағы Орталық Африкада болған. Ал бұл жағдай екі ай тыныштықтан кейін тіркеліп отыр. 

Эбола вирусының алғашқы жағдайы Конго Республикасында 1976 жылы тіркелген. Індет өршіген кез - 2014-2016 жылдары, Батыс Африкада.

Эбола геморрагиялық қызбасы - Эбола вирусынан туындаған жіті вирусты жоғары контагиозды ауру. Эпидемия Орталық және Батыс Африкада өршіген, өлім жағдайы 25-тен 90 пайызға дейін.



#эбола #африка #ауру #індет #кесел 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.10.2020
29.08.2020
02.06.2020
18.03.2020
06.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031