Телеарнаның атап өтуінше, есірткіні тәркілеу операциясы 30 наурызда өткізілген, алайда Дубровник полициясы ол жайлы ақпаратты тек 14 сәуір күні жариялады. Дубровачко-Неретван жупаниясы (елдің әкімшілік-аумақтық бірлігі) криминалдық полиция қызметінің бастығы Зоран Тиквицаның айтуынша, 30 наурыздағы арнайы іс-шараның барысында жалпы құны 57 млн еуроны құрайтын 574,869 келі есірткілік заттар тәркіленген. Хорватия құқық қорғаушыларының бұл операциясы – соңғы кезде өткізілген үшінші іс-шара.
#Хорватия #есірткі #наша #қылмыс #операция #жасақ