USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өзбекстан азаматы 3,6 млн теңгенің тестін алып өтпек болған

  • 21.июля.2020, 21:30,
  • 429

Ол 56 қорап (952 дана) "COVID-19" инфекциясына арналған сынаманы жүк көлігімен жасырын түрде алып өтпек болған жерде ұсталды.

Түркістан облысы прокуратурасы құрған жұмыс тобы Сарыағаш ауданында орналасқан кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына жалпы құны 3,6 млн теңге тұратын 56 қорап (952 дана) "COVID-19" инфекциясына арналған сынаманы жүк көлігімен жасырын түрде алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. 

Жүргізушінің айтуы бойынша, аталған тауарды Ресей Федерациясынан алып келген, бірақ кеден бекетінен өту барысында сынамаларға декларация тапсырмаған. 

Аталған факт бойынша уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабы 1-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, заңды бұзған шетел азаматына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, ал декларацияланбаған тестілер тәркіленді, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, соңғы 4 күнде жұмыс тобы тағы да 15 дәріханада жоғары бағада сатылған дәрі-дәрмектерді анықтады. Ал Келес ауданында тұрғын үй жағдайында рұқсатсыз дәрі-дәрмек сату және оны егумен айналысқан азамат ұсталды. 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, әрбір дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін жинақталған іс-құжаттар уәкілетті органға жолданды.



#өзбекстан #тест #құқықбұзушылық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2020
19.07.2020
02.07.2020
27.02.2020
03.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031