USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақжарқынның бас бостандығынан айыру туралы үкімі өзгеріссіз қалған

  • 26.августа.2020, 09:23,
  • 609

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері Гуанчжоудағы түрмеге барып, Тұрлыбайдың қал-жағдайын біліп тұрады екен. Бұған қоса, ақшалай көмек көрсетіп, сұраған кітаптарын тауып береді. Іске араласып, елге алып кетуге әрекет жасаған, бірақ нәтижесі болмады.

Гуанчжоу әуежайында шекарадан 4,5 келі есірткіні алып кетпек болды деп айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылып қандасымыздың ісі қайта қаралып, Қытай өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырған.


Еске сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде Ақжарқын небәрі 20 жаста болатын. 2015 жылдың маусымында Қытай оны бас бостандығынан айырды.

Сотта Ақжарқын шетелдік досының алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындамаған еді. 


Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда туған. Қыздың отбасы Түркістан облысында тұрады. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне оқуға түскен. Үшінші курстан бастап түнгі клубта даяшы болып жұмыс істеп, табыс таба бастаған. Қытайға құрбысына тауар әкелуге көмектесу үшін барыпты.


#қытай #сот #ақжарқын #есірткі #заң

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2020
23.06.2020
18.03.2020
28.08.2019
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30