Жазбада Қырғызстан СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шәкіровтің суреті болған. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 1 сәуірде әлеуметтік желіде таралды.
Қазнетте Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері вакцина салдырғанан кейін, екінші күні қайтыс болды деген ақпарат таралды. Денсаулық сақтау мнистрлігі ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды StopFake басылымы.
Жазбада Қырғызстан СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шәкіровтің суреті болған. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 1 сәуірде әлеуметтік желіде таралды.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, қайтыс болған СІМ қызметкерінің вакцина салдырғаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Елена Баялинова Facebook-парақшасында жазған. Кейін ол Шәкіровтың вакцина салдырғанын нақты білмейтінін және вакцинадан көз жұмғаны туралы ақпаратқа "Денсаулық сақтау министрлігінің назарын аудару үшін" жазғанын мәлімдеді.
2 сәуірде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бақтияр Шәкіровтің COVID-19-ға қарсы қандай да бір вакцина алғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.
"Вакцинация жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде вакцинаны медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, оқытушылар және әлеуметтік қызметкерлер алады. Дипломатиялық құрылымдардың қызметкерлері бұл топқа жатпайды", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Сондай-ақ, Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының сарапшылары Шәкіровтің денесін тексеру кезінде иық аймағында вакцинация ізі анықталмағанын мәлімдеді.
СІМ директоры орынбасарының неден қайтыс болғаны туралы нақты ресми ақпарат жоқ.
#Қырғызстан #екпе #өлім #коронавирус #жалғанақпарат #фейк