USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мексикада Pfizer вакцинасын салдырған дәрігердің миы қабынған болуы мүмкін

  • 04.қантар.2021, 10:09,
  • 635

Мексикада дәрігер болып жұмыс істейтін 32 жастағы әйел энцефаломиелитпен (жұлын мен миды зақымдайтын жүйке жүйесінің қабынуы) ауырып қалуы мүмкін деген диагнозбен ауруханаға түсті. Жақында ол Pfizer вакцинасын салдырған, - деп хабарлайды "Популярная механика"

Энцефаломиелит - жұлын мен ми қабынуы және ол әрі қарай да, тіпті периферикалық жүйке жүйесіне таралуы мүмкін. Бұған дейін энцефаломиелит Pfizer вакцинасының жанама әсерлерінің тізімінде болмаған. Алайда Pfizer-ден кейін аллергиялық реакция берген соң алты адам қайтыс болған.

Басылымның мәліметіне қарағанда, ауырып қалған дәрігер Нуэво-Леон штатындағы мемлекеттік ауруханаға жатқызылды. Оның тыныс алуы қиындап, денесі бөрткен. Бұған дейін де дәрігердің басқа препараттарға аллергиялық реакциясы болған. Енді энцефаломиелит Pfizer вакцинасынан кейін пайда болған-болмағаны анықталып жатыр. Алайда әзірге екпені шығарушылар ешқандай пікір білдірмеді.

Бұл вакцина Мексикада 24 желтоқсаннан бастап тарап жатыр. 

3 қаңтарда ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неге әлі вакцина салдырмағанын айтты.


#коронавирус #екпе #вакцина #мексика  

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.01.2021
27.12.2020
23.10.2020
23.09.2020
01.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031