USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Полицейлерге жасалған шабуылдың видеосына қатысты ақпарат шықты

  • 10.желтоқсан.2020, 17:17,
  • 636

Оқиғаның қайда болғаны анықталды. 

Әлеуметтік желілерде және мессенджерде полицейлерге жасалған шабуылдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Видео Түркістан облысында түсірілуі мүмкін. Желідегі ақпаратқа сәйкес атыстан 2 полиция қызметкері қаза тапқан. 

Алайда бұл видеоның Қазақстанда түсірілмегені анықталды. Оқиға Ресейде болған. Видео бірнеше жыл бұрын YouTube-ке жүктелген.

Түркістан облысы полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді.

"Бұл ақпарат жалған. Оқиға 2014 жылы Ресейде болған. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқандар Қазақстан заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство желіде жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін ондағы мәліметті күн сайын тексеріп отыратынын атап өтті.




#атыс #шабуыл #полиция #ресей #қазақстан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.09.2020
17.07.2020
10.07.2020
27.04.2020
14.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30