USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алексей Навальный сотталды

  • 02.ақпан.2021, 23:49,
  • 261

Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды. 

Сот үкімі бойынша, "Ив Роше" ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. ️Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді.

"Сот Жазаны орындау федерал қызметінің (ЖОФҚ) ұсынысын қанағаттандырарлық деп санайды", - деді судья Наталья Репникова.

"Сау бол, мұңайма, бәрі жақсы болады", - деді Навальный залда отырған әйелі Юлияға.

"Дождь" арнасының мәліметінше, ЖОФҚ желтоқсанның аяғында сотқа Навальныйдың "Ив Роше" ісіндегі шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстыру туралы өтінішпен жүгінген. Департамент оппозиционерді Германияда емделгеннен кейін Ресейге оралмай, сынақ мерзімін бұзды деп санайды. Навальныйдың адвокаты оңалту курсы Мәскеуге келгенге дейін екі күн бұрын аяқталғанын және инспекция оның қайда екенін білгенін айтқан.

Еске салайық, 2014 жылы Алексей Навальный 3,5 жылға шартты мерзімге және бес жылға сынақ мерзіміне, оның бауыры Олег 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, олар "Ив Роше" компаниясынан 30 миллион рубльден астам ақша ұрлаған-мыс. Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот үкімнің жосықсыз әрі негізсіз екенін және тергеу кезінде қамауға алудың саяси астары барын мәлімдеген. Ағайындылар бұл істі жалған деп санайды.

2 ақпанда Симоновский соты ЖОФҚ талабын қарастыра бастады. Журналистер санына байланысты көшпелі отырыс Мәскеу қалалық сотына ауыстырылды. Сот отырысы басталғанға дейін Мәскеу қалалық сотының алдында автозактар жиналған, полиция көшені қоршауға алған. "Проект" мәліметтері бойынша, "Преображенская площадь" метро станциясында 20-дан астам адам ұсталған. 

Шартты мерзімді ауыстыру туралы шешім әлі күшіне енген жоқ - тараптардың шағым түсіруіне он күн уақыт бар.

Еске салайық, Навальный 17 қаңтарда Германиядан оралғаннан кейін Шереметьевода ұсталған еді, онда ол уланғаннан кейін емделген. Осыдан кейін ол Химкидегі полиция бөліміне жеткізіліп, келесі күні сот 30 тәулікке қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдаған.



#навальный #сот #жаза #үкім #ресей #путин #сарай 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
26.01.2021
01.10.2020
15.09.2020
10.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930