РБК хабарлауынша, Түркияға ұшып келген барлық жолаушылар, оның ішінде ел азаматтары да 15 наурыздан бастап елге келер алдында 72 сағат бұрын электронды сауалнаманы толтыруы керек, онсыз оларды ұшаққа мінгізбейді.
Осы уақытқа дейін жолаушылар ұшақта қағаз сауалнама толтырып келген.
2021 жылдың 15 наурызынан бастап Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі Түркияға қатынайтын барлық рейстерден (транзиттік рейстерді қоспағанда) қағаз түрінде COVID-ке қатысты сауалнаманы толтыру талабын алып тастайды. Оның орнына барлық елдердің азаматтарына (оның ішінде Түркияның да) келесі талап қойылады:
- жолаушылар https://register.health.gov.tr/# сілтемесіндегі форманы Түркияға келер алдында 72 сағат бұрын толтыруы керек;
- жолаушылар толтырылған сауалнаманы басып шығаруы немесе құрылғыға жүктеуі керек (смартфон, планшет және т.б.);
- жолаушылар әуе компаниясының қызметкеріне ұшу әуежайында басылған бланкіні немесе мобильді құрылғыдағы жүктелген форманы көрсетуі тиіс.
Бұл электронды сауалнама толтырылмаса, жолаушы ұшаққа отырғызылмайтынын ескертеміз.
#Түркия #туристер #сауалнама #коронавирус