Қазір өндіріс орынның шамамен 500-ге жуық қызметкері карантинге жабылды. Болжам бойынша фермада қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмағандықтан, індет өршіп кеткен.
Қазір Бавария билігі санитарлық талапқа бағынбағандарға жазаны қатаңдату керек деген шешімге келді. Егер бұрын ереже бұзылғанда ферма иесіне 5 мың еуро айыппұл салынса, қазір бұл сома 5 есеге артты. Сонымен қатар құзыретті органдар фермаларды кез келген уақытта тексере алатын болды. Ал, маусымдық жұмысшылар коронавирусты анықтайтын тест тапсыратын болады.
Маркус Зёдер, Бавария премьер-министрі: -
Германиядағы жағдай өзге елдермен салыстырғанда жақсы болғанмен, қазір босаңсуға болмайды. Пандемия әлі аяқталған жоқ. Вирус та ешқайда кеткен жоқ. Індеттің екінші толқынына жол бермеу үшін тіркеліп жатқан бірен-сараң науқастарды қатаң бақылауда ұстау керек. Өкінішке қарай, санитарлық талаптардың сақталмауы жиі кездесіп жатады. Қазір Майндегі Франкфурт әуежайында осыдан бір ай бұрын орнатылған мобильді зертханада шамамен 25 мың адам тест тапсырып үлгерді. Дәрігерлердің мәліметіне сай, 70 адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Жергілікті билік індеттің екінші толқынын болдырмау үшін тиісті шараларды қолға ала бастады. Мысалы, осы аптадан бастап Берлиндегі Тегель әуежайында вирус өршіп тұрған елдерден келген барлық жолаушылар міндетті түрде коронавирусты анықтайтын тест тапсыратын болады. Жақын арада бұндай зертханалар тағы Мюнхен мен Нюрнбергте, кейін өзге де өңірлерде де ашылмақ. Тіпті қауіпті деп танылған елдерден келгендер бірнеше мәрте тексерілетін болады.
#германия #карантин #пандемия #COVID-19 #індет