USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Роналду 450 гол соғып жаңа рекорд орнатты

  • 28.қыркүйек.2020, 14:23,
  • 474

Туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа біріншіліктерінде бірінші болып 450 гол соққан футболшы атанды,

Роналду кеше тунде Италия біріншілігінің 2-турында "Рома" қақпасына екі гол соқты (2:2). Осылайша ол Англия, Германия, Испания, Италия, Франция секілді үздік бес чемпионатта рекорд орнатты. 

450 гол соғу үшін Роналду 554 ойын өткізген. Ол "Ювентус" сапында Италия біріншілігінде 55, "Реал" сапында 311, "Манчестер Юнайтед" сапында 84 гол салған. 


Португалия құрамасының шабуылшысы "Ювентус" сапына 2018 жылы "Реалдан" ауысып келген болатын. Роналду үшін туриндік клуб 112 миллионға шығындалды. 35 жастағы шабуылшының командасымен 2022 жылдың жазына дейін келісімшарт бар. Ол биыл екі кездесу өткізіп, үш гол соқты.  


#Роналду #спорт #футбол #рекорд #Ювентус

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031