USD 509.94
EUR 593.88
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алексей Навальный 2,5 жылын колонияда өткізеді

  • 20.ақпан.2021, 14:17,
  • 345

Алексей Навальныйдың шартты жазасы күшін жойып, нақты колонияғы мерзім тағайындалды, - деп хабарлайды halqym.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Бүгін Мәскеу соты Навальныйдың шартты мерзімін ауыстыру туралы шешімді заңды деп тапты. Ол шамамен 2,5 жылын тұтқында өткізуі тиіс.

Кейін сенбіде Бабушкинский сотында Ұлы Отан соғысының ардагеріне жала жабу ісі бойынша отырыс өтеді. Судья бүгін Навальномыйға үкім шығарса, заңға сәйкес, жала жабу туралы істе апелляцияны күтпестен оны колонияға жіберуге болады.

Бұл істе Навальныйға шағымдарды қарау процесіне қатыспаса да болады. Себебі қылмыстық іс жүргізу кодексі колониядан видеобайланыс арқылы апелляциялық процестерге қатысу мүмкіндігін қарастырады.

Мәскеудің Симоновский соты 2 ақпанда Навальныйға "Ив Роше" ісіндегі шартты мерзімді алып тастап, оны сынақ мерзімінде көптеген тәртіпбұзушылықтың болуына байланысты 3,5 жылға жалпы режимдегі колонияға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұған дейін Федералды жазаны орындау қызметі бұл шараны үш рет алға тартты, бірақ барлығында сот келіспеді. 



#навальный #ресей #сот #қылмыс #жаза #түрме #колония 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.02.2021
04.02.2021
02.02.2021
26.01.2021
06.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031