Импичмент жақтаушылары республикашыл сенаторларды бұрынғы президент 6 қаңтарда Конгресте болған бүлікке кінәлі деп сендіре алмады.
Сенбіде Трампқа үкім шығаруға 57 сенатор, оның ішінде жеті республикашыл дауыс берді және 43 заңшығарушы қарсы шықты. Айыптау үкімін бекіту үшін сенаторлардың кемінде үштен екісі, яғни 60 адам дауыс беруі керек еді.
Reuters мәліметінше, Сенат залында дауыс беру кезінде және одан кейін де хаос болған. Көптеген сенатор абдырап қалды, Рон Джонсон мен Митт Ромни жанжалдасып та алды.
Трамптың өзі сәтсіз импичмент процесін "жалмауыз кемпірлерге аңшылық" деп атады және "Америка ұлылығын арттырудағы жолын жалғастыруға" уәде берді.
"Бұл еліміздің тарихындағы жалмауыз кемпірлерге ең үлкен аңшылықтың тағы бір кезеңі. Ешқандай президент мұндайды басынан өткермеген", - делінген экс-президенттің мәлімдемесінде.
"Алдағы айларда сіздермен көп нәрсе бөлісемін және Американы ұлы етуге бүкіл халқымыз үшін бірлескен жолымызды жалғастырамын деп үміттенемін. Алда жұмыс көп, жақын арада Американың жарқын, шексіз болашағы туралы тұжырымдамамызды ұсынамыз", - деп қосты Трамп.
#импичмент #трамп #америка #сайлау #экс-президент