Бұл туралы Коннектикут федералды прокурорының сайтында жарияланған хабарламада айтылған. 53 жастағы сотталушы Гэри Джозеф Гравелл жеті айып бойынша кінәсін мойындады, оның ішінде ол ел президентіне қарсы физикалық зәбір көрсеткенін мойындады. Нәтижесінде сот Джозеф Гравеллді тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
"АҚШ округінің судьясы Кари Дули Бриджпортта Гари Джозеф Гравеллді АҚШ-тың экс-президентіне көптеген жалған қауіп төндіргені үшін 110 айға бас бостандығынан айырды", - делінген Коннектикут прокуроры Джон Дарамның хабарламасында.
Тергеу мәліметтері бойынша ер адам телефон мен электрондық пошта арқылы бірқатар шенеунікке - АҚШ президентіне, әуежай әкімшілігіне, судьяларға, түзету және діни мекемелердің қызметкерлеріне қауіп төндірген. Оның ішінде ол зиянсыз ақ ұнтақ салып, сәлемдеме жіберген. Оны сібір жарасының спорасы деп ескерткен. Сондай-ақ америкалық бірнеше штаттағы кейбір жылжымайтын мүлікке нұқсан келтіру ниеті туралы хабарлаған.