USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Франциядағы атақты шіркеуді кім өртегені белгілі болды

  • 26.июля.2020, 16:30,
  • 382

Нанттағы Қасиетті Петр және Павел шіркеуінде жұмыс істеген ерікті соборды өртегенін мойындады. Бұл туралы Ouest France газеті жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өрт 18 сәуірде басталған. Бірнеше сағат бойы жалғасқан өрт салдарынан үлкен орган жойылған. Прокуратура өрт қасақана жасалды деп күдіктенген. Келесі күні руандалық 39 жастағы ерікті қамауға алынды, ол ғибадатханада көмектесіп, өрт шыққан күні есіктерді жабуы керек болған. Кейін оған айып тағылмай, бостандыққа шығарылған.

Кеше, 25 шілдеде, ер адам екінші рет ұсталған. Тергеу судьясы оған өртті қасақана жасады деген айып таққан. 

Ал ерікті кінәсін мойындаған. Ол шіркеуді үш жерден өртегенін айтқан. Бірақ оның бұл әрекетке неге барғаны хабарланбады. 

Енді ол он жылға бас бостандығынан айырылып, 150 мың еуро көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. 



#франция #шіркеу #өрт 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.07.2020
01.12.2019
28.10.2019
28.08.2019
14.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930