Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөз сөйлеуден бас тартты. Бұдан бұрын прокурорлар оның мүлкі тәркіленіп, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді
Кеңесу бөлмесінен шыққан судья Эмильбек Каипов Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды.
Қығрғыз Республикасының экс-президенті криминал авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды" деген айып тағылды. Ол 2006 жылы Бішкек маңындағы колониялардың бірінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды. 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылғанымен, 2013 жылы Атамбаев құрамында бар шенеуніктер көмегімен түрмеден босатылды.