USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

  • 21.қантар.2021, 16:03,
  • 346

Садыр Жапаров мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды 24.kg басылымы.

Президенттің міндетін атқарушы - Жогорку Кенеш (Парламент) төрағасы Талант Мамытов Садыр Жапаровтың премьер-министр өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, министрлер кабинеті де отставкаға кетті.

Үкімет мүшелері жаңа құрам құрылғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болды. Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Артем Новиков болады.

Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімді Садыр Жапаров ОСК дауыс беру қорытындыларын ресми жариялағаннан кейін қабылдады.

Елдің алтыншы президентін ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау Қазақстандағы парламенттік сайлаумен бір күні - 10 қаңтарда өтті.

Садыр Жапаров туралы не білеміз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қырғыз басшысы шақыруды қабылдап, президент ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстанға жасайтынын айтты.


#садыржапаров #қырғызстан #үкімет #отставка #президент 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.01.2021
16.10.2020
14.10.2020
16.06.2020
21.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930