Депутаттар Садыр Жапаровтың премьер-министр лауазымына кандидатурасын қайта қарады. Сондай-ақ, олар Үкіметтің құрамы мен бағдарламасын бекітті. Залда 83 депутат отырды. Барлығы бірауыздан дауыс берді.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр кандидатурасын қайта қарауды ұсынған болатын.
5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.
#қырғызстан #премьер-министр #тағайындау #президент #жээнбеков