USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Головкин нокаутпен жеңіске жетті

  • 19.желтоқсан.2020, 09:19,
  • 499

Бүгін, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Аталған байрақты жекпе-жек Голливудта өтті (АҚШ, Флорида штаты). Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды.


Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. Бірінші, екінші, төртінші және жетіншіде раундтарда, яғни 4 мәрте отандасымыз Шереметаны нокдаунға жіберді. Осылайша, Головкиннің қарсыласы сегізінші раундқа шығудан бас тартты. 


Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы 41-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBF және IBO белбеулерін сәтті қорғады. Камиль Шеремета кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. 


Қазақстандық боксшы атағын 21 рет сәтті қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Бұл жекпе-жекке дейін екеуі де чемпион мәртебесінде әрқайсысы бұл дивизионның рекорды саналатын 20 жеңісті жекпе-жек өткізген. 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.12.2020
05.12.2020
29.11.2020
25.11.2020
18.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30