Жекпе-жек Голливудта өтеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының жетекшісі, Головкиннің промоутері Эдди Хирн мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
"GGG 18 желтоқсанда IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді, ол орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 21-рет қорғағалы отыр", - деп жазды Хирн.
Головкин - Шеремета жекпе-жегі биыл көктемде өтуі керек еді. Алайда коронавирусқа байланысты кездесу жыл соңына дейін созылды.
Айта кетейік, жекпе-жек 18 желтоқсанда өтеді. Головкин бұл кездесуде өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.
#головкин #шеремета #жекпе-жек #спорт #чемпион #ggg